Иран Ислам Республикасы Израиль мен АҚШ-ты жеңеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Хезболланың бас хатшысы шейх Наим Қасем кеше, дүйсенбі күні мәлімдеді.
Шейх Наим Қасем дүйсенбі күні Ливанның жергілікті БАҚ өкілдері алдында сөйлеген сөзінде: “Иранға шабуыл жасалып жатқандықтан оның жауап қайтаруға құқығы бар. Иран жеңімпаз атанады. Иранды батыл әрі елін қуатты етуге бел буған діни жетекші басқарады”,- деді.
Хезболланың бас хатшысы егер басқыншылар ислам әлемінде танымал және құрметті Ислам революциясының жетекшісін нысанаға алса, бұл бүкіл әлем үшін ауыр зардаптарға әкелетінін ескертті.
Сондай-ақ, Қасем Иран халқының өз басшысын қолдайтынын және басқыншылықтың жалғасуы бүкіл әлемге әсер ететінін баса айтты.


















