Ливандағы Хезболла қозғалысы Тель-Авив маңындағы Израильдің әскери барлау базасына зымыранмен шабуыл жасады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ливанда орналасқан Хезболла қозғалысы Израильдің Тель-Авив маңындағы әскери базасын зымырандармен атқылағанын мәлімдеді.
ЦАХАЛ-дың дерегінше, Хезболла тобы Тель-Авив маңындағы Израильдің қорғаныс армиясының «Глилот» әскери базасын нысанаға алған. Тель-Авив маңындағы Моссад барлау қызметінің штаб-пәтеріне жақын орналасқан бұл базада Израиль қорғаныс армиясының 8200 радиобарлау бөлімшесі орналасқан.
Хезболла тобының Израиль аумағына жіберген шамамен 135 зымыраны Израильдің солтүстігіндегі нысандарға, әсіресе сионистік режимнің үшінші ірі қаласы Хайфаға бағытталан.
Израильдік БАҚ-ның мәліметінше, Хезболланың бұл соққыcы Батыс Азиядағы қақтығыс шиеленісе бастағаннан бергі Ливаннан жасалған ең ауыр зымырандық шабуыл болды.
2024 жылдың қыркүйек айында Израиль Хезболлаға қарсы әскери операция жариялап, Бейрутты атқылай бастады. Содан бері Израиль мен Хезболла арасындағы қақтығыс бұрынғыдан бетер өрши түсті.



















