Иранның діни жетекшісі аятолла Әли Хаменеи X платформасында жариялаған жазбасында Сириядағы лаңкестік топтардың күшеюіне қатысты өз ұстанымын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Хаменеи лаңкестік топтардың бұл әрекеттерін мұсылман әлемінің назарын Палестинадағы жағдай мен Израильдің қылмыстарынан алшақтату деп атады.
Кейбір халықаралық саяси қайраткерлер де Сириядағы бұл лаңкестік шабуылдар АҚШ пен Израильдің Сириядағы қарсыласу күштерін тарту және Газа секторындағы оқиғалардан назарды аудару жоспарының бір бөлігі деген пікір білдірді.
Айта кетейік, Сирияның солтүстік-батысының көп бөлігін бақылайтын Хайят Тахрир аш-Шам ұйымы Алеппо және Идлиб провинцияларына лаңкестік әрекет жасады.



















