Иран көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи Иранның Табас көмір шахтасындaғы жарылыста қаза тапқан кеншілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, аятолла Әли Хаменеи шахтадағы жарылыс кезінде қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, билікке зардап шеккендерді құтқаруды, апаттың салдарын жоюды және сол жерде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.
Әли Хаменеидің жолдауында: «Мейірімді Алланың атымен Табас көмір кенішіндегі қайғылы оқиғаның салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккен кеншілердің жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын», — деп жазылған.
21 қыркүйек күні Иранның Оңтүстік Хорасан провинциясындағы Табас көмір шахтасында метанның ағуы салдарынан жойқын жарылыс болды. Шахтадағы жарылыс салдарынан 52 адам қаза тауып, 22 адам жарақат алды.
Бұған дейін ирандық БАҚ шахтадағы жарылыс салдарынан кем дегенде 30 адам қаза тауып, тағы 17 адам жарақат алғанын хабарлаған болатын.
Жарылыс салдарынан жарақат алғандарға медициналық көмек көрсетілуде.


















