Ирак премьер-министрі Мохаммед Шиа ас-Судани елінің Иранмен қарым-қатынасын дамытуға мүдделі екенін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Ирак премьер-министрі Мохаммед Шиа ас-Судани кеше, дүйсенбі күні Иран Ислам Республикасының Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджанимен кездесуінде мәлімдеді.
Мохаммед Шиа ас-Судани кездесу барысында Ирактың сионистік режимнің Иранға қарсы басқыншылығын, аймақтық және халықаралық деңгейде қақтығыстың шиеленісуіне әкелетін барлық жағдайға қатысты принципті ұстанымын баса айтты.
Сондай-ақ, Ирак премьер-министрі елінің АҚШ пен Иран арасындағы келіссөзді қолдайтынын айтты.
Кездесу барысында Ирактың Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Қасем әл-Араджи мен Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджани екі елдің ортақ шекарасында қауіпсіздікті үйлестіруге қатысты екіжақты қауіпсіздік келісіміне қол қойды.
Айта кетейік, Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджани тамыздың бесі күні осы қызметке тағайындалғаннан кейінгі алғашқы шетелдік сапарында Иракқа барды. Әли Лариджани Ирактан кейін Ливанға аттанады.


















