Иран СІМ басшысы Аббас Арақчи Рафаэль Гроссимен сұхбатта Иранның белгіленген техникалық құрылым аясында АҚХА-мен сындарлы ынтымақтастыққа дайын екенін баса айтты.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Атом қуаты халықаралық агенттігінің Бас директоры Рафаэль Гросси мен Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи телефон арқылы сөйлесіп, Иран мен агенттік арасындағы кепілдік келісімі аясындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылады.
Аббас Арақчи Бас директордың Тегеранға жуырдағы сапары кезінде кепілдік келісіміне қатысты мәселелерді шешу талпыныстарының сәтсіздікке ұшырауына себеп болған АҚХА Басқарма Кеңесінің кейбір мүшелерінің сындарсыз әрекеттерін қатаң айыптап, Иранның агенттікпен сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін баса айтты.
Өз кезегінде Рафаэль Гросси агенттіктің Иранмен байыпты қарым-қатынас жасау ниетін қуаттап, өзінің міндеттері мен өкілеттігі аясында басқа тараптармен кеңесулер өткізіп, ағымдағы мәселелерді шешу үшін қолайлы жағдай жасайтынын мәлімдеді.


















