Иран Америка мен Израильге шәһид көшбасшысы аятолла Әли Хаменеиді жерлеу рәсімі кезінде қандай да бір арандатушылық әрекет жасалса, оған қатаң жауап берілетінін ескертті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран билігі шәһид Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі қарсаңында қауіпсіздік шараларын күшейтті. Қарулы Күштердің жеке құрамы жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне көшірілді. Бұл туралы Хатам әл-Анбия Орталық штабының қолбасшысы, генерал-майор Әли Абдоллаһи мәлімдеме жасап: «Біз Америка Құрама Штаттары, сионистік режимді және олардың аймақ пен аймақтан тыс сыбайластарын қателік жіберуден аулақ болуға және оның ауыр зардаптарын ойлауға шақырамыз. Еліміздің аумағындағы кез келген қауіп-қатерге немесе басқыншылық актісіне лайықты жауап беріледі»,-деді.
Әли Абдоллаһи Иран әскерилерінің ел тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын қорғауға толық дайын екенін баса айтты. Сонымен қатар, Хатам әл-Анбия Орталық штабының қолбасшысы Иран халқын алдағы аятолла Әли Хаменеимен қоштасу рәсімдеріне белсенді қатысып, ел бірлігін көрсетуге шақырды.
Айта кетейік, Америка Құрама Штаттары мен Израильдің 28 ақпанда Иран аумағына жасаған шабуылдары кезінде осы елдің рухани көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи қаза тапты. Шәһид Әли Хаменеимен қоштасу рәсімдері Тегеран, Қом, Мешһед қалаларында және Иракта өтеді. Қоштасу рәсімдері 4 шілде, сенбі күні басталып, бірнеше күнге созылады.


















