ИИР Армиясы құрлық күштерінің қолбасшысы бригада генералы Киомарс Хейдари елдің солтүстік-шығыс шекараларының нығайтылатынын хабарлады.
Defapress агенттігінің хабарлауы бойынша Киомарс Хейдари елінің солтүстік-шығысындағы шекара аймақтарындағы 30-шы дивизия мен Бирджандтағы 40-шы оқу орталығына жасаған сапарында елдің Солтүстік-шығыс аймағы мен Оңтүстік Хорасан аймағындағы сезімтал шекараларға байланысты Иран Армиясы құрлық күштерінің осы аймаққа ерекше қарайтынын айтты.
Хейдари елдің Солтүстік-шығыс шекараларының нығайтылатынын, жақын болашақта Солтүстік-шығыс пен Оңтүстік Хорасанмен шекаралас аймақтарға артиллерия, зымыран, ұшқышсыз ұшақтар мен мобильді шабуыл бөлімшелері орналастырылатынын мәлімдеді.
Хейдари ел шекарасына армияның құрлық күштері бөлімшелерін орналастыруды Иран жүйесіне қауіп төніп тұрғанын білдірмейтінін, тек жауынгерлік әзірлікті сақтау, жауынгерлік әзірлік пен қызметшілердің біліктілігін арттыру деп атады.
Айта кетейік, Иранның аталған аймақтарының кейбірі Ауғанстан, Пәкістан және Түркіменстанмен шекаралас.


















