Иран медицинасы бедеулік мәселесімен сәтті күресуді меңгеріп, репродуктивті жүйе бұзылыстарын емдеу бойынша әлемдегі ең үздік он елдің қатарына енді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иранның бедеулік және репродуктивтік медицина саласындағы ғылыми зерттеулер қауымдастығының басшысы Хамид Чубине мәлімдеді.
Хамид Чубине: “Иран бедеулікті емдеуге арналған қосалқы репродуктивті технологиялар тұрғысынан өте жоғары деңгейде және бұл мәселелерді ғылыми жолмен шешуге толық дайын”, -деді.
Ол әлемдегі жетекші медициналық жүйелерде қолданылатын қосалқы репродуктивті барлық технология қазіргі уақытта Иранда да қолжетімді екенін атап айтты. Чубиненің айтуы бойынша, шетелдік жұптардың медициналық көмек алу үшін Иранға келуінің басты себебі — медициналық көмек бағасының төмендігі, кезектің болмауы, дәрігерлердің жоғары біліктілігі және емдеу әдістерінің ғылыми негізділігі.
Хамид Чубине: “Шығын материалдарының басым бөлігі ел ішінде өндіріледі. Пациенттер әрдайым ең заманауи әдістерді пайдалану мүмкіндігіне ие”, –деді.


















