Иран бірегей тарихи-мәдени мұраға бай ел болып табылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Ресей президентінің ғылым жөніндегі көмекшісі Андрей Фурсенко Ресей мен Иранның білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланған ғылыми конференция барысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Андрей Фурсенко Мәскеу мен Тегеран арасындағы мәдени және академиялық байланысты нығайтудың маңызын атап, Иранның өзіндік бірегей тарихы бар екенін айтты. Фурсенко 2022 жылы Мәскеуде өткен алғашқы екі ел арасындағы ғылыми конференцияға баса назар аударып, шараның жас ғалымдар арасындағы пікір алмасу, екі елдің ортақ тарихын талдау және бірлескен жұмыс бағыттарын айқындау үшін маңызды болғанын айтты.
Ресей президентінің көмекшісі Андрей Фурсенко: “Бүгінгі таңда бізді өркениетті әрі тәуелсіз ел ретінде өзімізді сақтауымыз керек деген берік сенім біріктіреді”,-деді.
Фурсенко мұндай конференциялар екі тарапқа бір-бірін жақсырақ түсінуге және өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге көмектесетінін айтып: “Біз түсіну арқылы тұрақты ынтымақтастықты қамтамасыз ете аламыз”, – деді.
Айта кетейік, “Иран-Ресей ғылыми конференциясы” кеше, сәрсенбі, 3 желтоқсан күні Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінде басталды.


















