Хорасан-Резави провинциясының губернаторы Ғолам Хоссейн Музаффари бастаған ирандық делегация Өзбекстанға келді.
Еуразия Тудейдің Dunyo агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, сапар 1 наурызға дейін жалғасады.
Сапарды Өзбекстан мен Иран елшіліктері, екі елдің сыртқы істер министрліктері, Сауда-өнеркәсіп палаталары, сондай-ақ Самарқанд және Бұхара облыстары мен Хорасан-Резави провинциясының әкімшіліктері ұйымдастырып отыр.
Сапар бағдарламасына Ғолам Хоссейн Музаффаридің Самарқанд және Бұхара облыстарының әкімдерімен екіжақты келіссөздері, сондай-ақ бизнес-форумға қатысуы енгізілген.
Келіссөздер барысында өңірлердегі жетекші компаниялардың өкілдерімен ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылау жоспарланған.
Иран делегациясының құрамында құрылыс, химия өнеркәсібі, фармацевтика, тоқыма өндірісі, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және басқа да салаларда жұмыс істейтін кәсіпорындардың басшылары бар.


















