Иран делегациясы «Армия-2024» халықаралық әскери-техникалық форумына қатысу үшін Ресейге келді.
Еуразия Тудейдің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран делегациясы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған іс-шараға қатысады. Бригада генералы Әли Шадемани бастаған ирандық делегация Ресей Қорғаныс министрлігінің шақыруымен Мәскеуге келді.
Әли Шадемани сапар барысында Ресей Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды тұлғаларымен кездеседі.
Әскери іс-шарада шетелдік делегациялардың әскери техникасының мүмкіндіктері ұсынылады. Иран Ислам Республикасының қорғаныс өнеркәсібі үшінші жыл қатарынан өзінің соңғы әскери жетістіктерін көрсете отырып, аталмыш шараға белсенді қатысып келеді.
«Армия-2024» 10-шы халықаралық әскери-техникалық форумы бүгін, тамыздың 12-і басталып, 14 тамыз күні аяқталады.


















