Тәжікстан астанасы Душанбедегі EXPO Center Манеж кешенінде желтоқсанның 26 күні ашылған мамандандырылған көрмеде Иран компаниялары әр түрлі саладағы өнімдерін ұсынды.
Көрмеге қатысып жатқан ирандық 33 компания Тәжікстан халқына ауыл шаруашылығының, тамақ өнеркәсібі мен фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, энергетика, құрылыс пен тағы басқа салалардағы тауарларын ұсыну арқылы әлеуеттері мен мүмкіндіктерін таныстырды.
Иран тауарлары мен өнімдерінің мамандандырылған көрмесі 29 желтоқсанға дейін жалғасады.
Айта кетейік, қазіргі таңда Тәжікстанда әр түрлі салада 200-ден астам ирандық компания жұмыс істеп жатыр.
Иран мен Тәжікстан жақын болашақта жыл сайынғы тауар айналымын 500 миллион еуроға жеткізу міндетін қойды.


















