Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Израильдің Газа секторындағы Джабалия босқындар лагеріне жасаған аяусыз шабуылын айыптады.
Насер Канани Израиль бұл әрекеті арқылы қылмыстарының ұзын тізіміне тағы бір қылмыстың қосқанын мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы халықаралық қауымдастықтан, әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымы мен осы ұйымның Қауіпсіздік кеңесінен Израильдің халықаралық жауапкершілігін дереу орындауды сұрады.
Еске сала кетсек, сейсенбі күні Израиль әскери ұшақтары Газа секторының солтүстігінде орналасқан Джабалия лагерін бомбалады.
Sky News арнасының хабарлауынша, Израиль қорғаныс күштері Газа секторындағы босқындардың ең ірі лагерлерінің біріне жасаған соққысынан кемінде 50 адам қаза тапты.
Газадағы Индонезия госпиталінің мәліметінше, тағы 150 палестиналық, соның ішінде балалар да жараланған.
ЦАХАЛ шабуыл жасағанын мойындап, шабуылдың басты мақсаты ХАМАС жетекшілерінің бірі, Орталық Джабалия батальонының командирі Ибрагим Биариді жою болды деп мәлімдеді.




















