FIFA ресми сайты ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін жариялады.
Еуразия Тудейдің Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иранның футболдан ерлер құрамасы FIFA-ның жаңартылған рейтингінде Азияның екінші маңызды командасы болып, өз орнын сақтап қалды, ал рейтингтің көшбасшысы — Аргентина.
FIFA рейтингінде Франция 2-ші орында. Еуропа чемпионы атанған Испания 8-ші орыннан 3-ші орынға, Англия 5-ші орыннан 4-ші орынға көтерілді. Бразилия 5-орынға, Бельгия 6-орынға төмендеді.
Үздік ондыққа Нидерланды (7), Португалия (8), Колумбия (9) және Италия (10) кірді. Азияның үздік 10 командасының қатарында Жапония көш бастап тұр. Иран екінші, Оңтүстік Корея үшінші орында. Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде өз орнын сақтап қалды.


















