Иран статистикалық орталығының халық, еңбек күші және үй шаруашылығы басқармасының бас директоры Иран халқының саны 85 миллионнан асқанын хабарлады.
Иран статистикалық орталығының халық, еңбек күші және үй шаруашылығы басқармасының бас директоры Әли Акбар Махзун сөзінде бұл жақсы жаңалық әрі елдің халық динамикасының белгісі екендігін атап өтті.
Ол «Иран халқының шамамен 24 пайызы 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер, ел халқының 25 пайызы 15 пен 29 жас аралығындағы жастар және 44 пайызы орта жастағылар, қалғандары 65 жастан асқан қарт адамдар.
Бұл Иранның басым демографиялық құрылымы орта жастағы құрылым екенін көрсетеді. Қазіргі таңда Иранда өмір сүру ұзақтығы 74 жасқа жетіп, сауаттылық деңгейі 87,6 пайызға жетіп, халықтың сапалы өсуіне ықпал етуде. Иранда некеге тұрудың орташа жасы ерлер үшін 24 жас, әйелдер үшін 23 жас»,- деді.
Иран- өзін-өзі қамтамасыз ететін елдердің бірі. Қазіргі уақытта Иран әлемде туристтер ең көп келетін елдің қатарына кіреді.


















