Халықаралық комбинаторика олимпиадасы – математика, информатика және жасанды интеллект әуесқойларына өздерінің қабілеттері мен дарындарын онлайн сынауға мүмкіндік беретін ирандық бастама.
Еуразия Тудейдің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Иранда теориялық информатика мен жасанды интеллект — комбинаторика бойынша онлайн олимпиада өтуде. Оған 65 елден келген 4 мыңнан астам адам қатысуда.
Мұндай сынақ 2020 жылы Иранда алғаш рет өткізілгеннен кейін кейбір елдер сынаққа қатысуға ниет білдіріп, уақыт өте келе өздері де бұл сынақты өз елінде ұлттық деңгейде өткізді.
Бүгінде Иран осы халықаралық олимпиаданың иесі болып табылады. Осы ел жобаны өткізуге, дизайны мен тексеруге және саясатына жауапты.
Бұл сынақтың ерекшелігі корректорлардың жауаптарды сынақ тапсыру кезімен бір уақытта жариялап, қатысушылар өз рейтингтерін онлайн режимінде бірден көре алатындығында.
Халықаралық комбинаторика олимпиадасы қазанның 31 мен қарашаның 1 күндері өтеді.


















