Иран Ислам кеңесінің төрағасы Мохаммад Бақер Қалибаф Азия Парламенттік Ассамблеясының (АПА) XV пленарлық сессиясына қатысу үшін Бакуге келді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Мохаммад Бақер Қалибафты Гейдар Алиев атындағы халықаралық әуежайда Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисі Төрағасының бірінші орынбасары Зияфет Аскеров қарсы алды.
Азия Парламенттік Ассамблеясының (АПА) XV сессиясы “Азиядағы көпжақты ынтымақтастықты нығайтудағы парламенттік дипломатияның рөлі” ұранымен өтуде.
Шараға 26 ел Парламенттерінің делегациялары, 6 халықаралық ұйымның өкілдері, сондай-ақ 10-нан астам Парламент спикерлері қатысады.
Айта кетейік, Азия Парламенттік Ассамблеясының (АПА) 14-ші пленарлық сессиясы 2024 жылдың 21-22 ақпанында Бакуде өтті.


















