Иран Әли Лариджанидің қаза болуына байланысты Израильге қарсы жаңа шабуыл толқынын бастады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ислам революциясы Сақшылар корпусы Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджанидің қазасына жауап ретінде сәрсенбіге қараған түні Израильге қарсы “Шынайы уәде-4” операциясының 61-ші толқыны жарияланғанын мәлімдеді.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының мәліметінше, Тель-Авивке “Хоррамшаһр-4”, “Қадр”, “Имад” және “Хейбар шекан” сияқты көп зарядты зымырандармен шабуыл жасалып, Израильдің орталығындағы 100-ден астам әскери және қауіпсіздік нысанына сәтті тиген.
Айта кетейік, бұған дейін Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац Әли Лариджанидің қаза тапқанын мәлімдеді. Сонымен қатар, Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджанидің қаза тапқанын растады.
Иран Президенті Масуд Пезешкиан Әли Лариджанидің қазасы үшін кек алуға уәде беріп, Тегеранның Израиль мен АҚШ әрекеттеріне қарсы тұруды жалғастыратынын айтты.
Әли Лариджани Ирандағы ең ықпалды тұлғалардың бірі саналды. Ол 67 жаста қаза тапты. Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Лариджанидің жерлеу рәсімі бүгін, сәрсенбі, 18 наурыз күні Тегеран қаласында өтеді.
















