Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Иран Ислам Республикасы арасында Еркін сауда туралы алғашқы келісімге қол қойылды.
25 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы аясында Еркін сауда келісіміне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жауапты тұлғалары мен Иран Ислам Республикасының Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Аббас Әли-Абади комиссия қол қойды.
Қол қойылған Еркін сауда келісіміне сәйкес,Одаққа мүше елдер мен Иран арасындағы тауар айналымын арттыру және ынтымақтастықты кеңейту мақсатында сауданы жеңілдету және тарифтік емес кедергілерді жоюмен қатар, өзара сауданың 95 пайыздан астамын құрайтын өнім ассортиментінің 87 пайызынан импорттық кедендік баждар алынады.
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичтің айтуынша, қол қойылған еркін сауда туралы келісімге сәйкес, ЕАЭО елдерінің фермерлері Иран нарығына астық, жүгері, өсімдік майы, ірі қара мен қой еті және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ассортименті сияқты маңызды тауарларды жеткізу үшін ерекше шарттарға ие болады. Металлургия, химия және ағаш өңдеу өнеркәсібі, авиация және кеме жасау, машина жасау, темір жол машиналары мен жабдықтары және өнеркәсіп секторының басқа да өнімдерінің кең ауқымына бажсыз сауда тарифі белгіленеді.
Айта кетейік, Еркін сауда келісімі – 3 жылға жуық келіссөздерден кейін және Иран Ислам Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы уақытша келісімді жүзеге асыру тәжірибесіне сәйкес Иранның осы одақпен жасаған алғашқы және ең толық сауда келісімі.
Еске салайық, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 2014 жылғы 29 мамырда Қазақстан астанасында қол қойылды.
2015 жылдың 1 қаңтарында Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шарт күшіне енді.
Қазіргі уақытта Одаққа бес мемлекет – Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы мүше.
183 миллион халқы бар және әлем импортының 388 миллиард долларын құрайтын Еуразиялық экономикалық одақ Иран Ислам Республикасына жақын жердегі өте үлкен әлеуетті нарық саналады.


















