Швейцарияда өтуі тиіс болған Иран мен АҚШ арасындағы техникалық келіссөздер Катарға ауыстырылды.
Еуразия Тудейдің парсы тілді БАҚна сілтемежасап хабарлауынша, бұған дейін Швейцарияда өтеді деп жоспарланған Иран мен АҚШ арасындағы техникалық деңгейдегі кездесу Қатарға ауыстырылды.
«The New York Times» газеті де АҚШ-тың жоғары лауазымды басшысына сілтеме жасап, Иранмен өзара түсіністік туралы меморандумды жүзеге асыру тәртібі бойынша техникалық келіссөздер әлі де алдағы күндерге жоспарланып отырғанын хабарлады.
АҚШ жауапты тұлғасы да Иран мен АҚШ арасындағы соңғы кездегі өзара атыстарға тоқталып, ешқандай келіссөздің тоқтатылмағанын, байланыстың әлі жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Бұған дейін «The Wall Street Journal» газеті де осы аптада Швейцарияда өтуі тиіс болған келіссөздердің тоқтатылғанын хабарлады.













