Иран мен АҚШ арасындағы жанама келіссөздердің екінші кезеңі сенбі күні Оманның Римдегі елшілігінде өтеді.
Еуразия Тудей агенттігінің хабарлауы бойынша, Американың Axios ақпарат құралы бүгін, жұма күні Иран мен АҚШ арасындағы жанама келіссөздердің екінші кезеңі сәуірдің 19, сенбі күні Оманның Римдегі елшілігінде өтетінін мәлім етті.
Хабарламаға сәйкес, келіссөздер Американың шығысындағы уақыт бойынша таңғы сағат 5-те басталып, кемінде бес сағатқа созылуы мүмкін.
Axios Америка Құрама Штаттары келіссөздердің бұл раунды диалог үдерісіндегі келесі қадамдар үшін негіз әзірлеумен аяқталады деп үміттенетінін жазды.
Айта кетейік, Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи де бұл хабарды растап, АҚШ-пен жанама келіссөздердің екінші кезеңіне қатысу үшін ертең Италияның астанасы Римге баратынын айтты.
«Рим — келіссөздерді өткізуші ел емес, кездесудің орны. Оман бұрынғысынша Иран мен АҚШ арасындағы жанама келіссөздерді өткізуші ел болып қала береді», — деді министр.
Ол арағайындық ету мен жанама байланысқа қатысты миссия Оман Сыртқы істер министрі мен осы елдің үкіметіне жүктелетінін баса айтты.
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи бұл туралы Мәскеуде жұмыс сапарымен жүргенде ирандық журналистерге мәлімдеді.













