Иранның Сауд Арабиясындағы жаңа елшісі Алиреза Энаяти екі ел аймақта шетелдіктер болмаған жағдайда бірлесе жұмыс жасау арқылы ұжымдық ынтымақтастыққа негіз жасай алатынын айтты.
Бұл туралы Иран Ислам Республикасының Сауд Арабиясындағы елшісі жексенбі күні IRNA агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді.
IRNA агенттігінің хабарлауы бойынша Сауд Арабиясындағы миссиясын бастамас бұрын Иран Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахияанмен кездесуіне тоқталып: «Мен Сыртқы істер министрімен Эр-Риядқа барамын. Мен оның Сауд Арабиясымен қарым-қатынасты дамыту және нығайтуға қатысты ұсыныстарын алдым. Біз бұл қарым-қатынастарды тату көршілік қағидасы аясында дамыта аламыз деп үміттенеміз.
Біз жолдың басында тұрмыз, біз қарым-қатынасымызды 10 наурызда бастадық. Алты қиын айды бастан өткердік және бірлескен жұмысты ұйымдастыруда алға ілгеріледік.
Соңғы жарты жылда біз екі елдің елшіліктері мен консулдықтарын аштық, дипломатиялық қызметкерлермен алмасу жүргізілді, қарым-қатынастар туралы ресми мәлімдеме жасалды, екі елдің сыртқы істер министрліктерінің басшылары кездесті. Келесі қадам — елшілер алмасу», ¬- деді.
Энаяти өзінің дипломатиялық миссиясының басталғанын хабарлап, сейсенбі күні Эр-Риядқа баратынын, Сауд Арабиясы Корольдігінің Теһрандағы құрметті елшісінен алынған ақпарат бойынша ол да дәл осы кезеңде Иранға баратынын айтты.


















