Иран мен Армения арасындағы ортақ шекара екі ел халқының тарихи байланыс жолы болып табылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иранның Қорғаныс министрі Азиз Насирзаде Ереванда армяндық әріптесі Сурен Папикянмен кездесуінде мәлімдеді.
Бригада генералы Насирзаде Армения Республикасының Қорғаныс министрімен сұхбат барысында Иран мен Армения арасындағы қарым-қатынастың ерекше стратегиялық маңыздылығын баса айтты.
Насирзаде: “Армения Иранның тату көршілік саясатында ерекше орын алады. Тегеран мен Ереван арасындағы қарым-қатынас берік тарихи-мәдени негізде құрылды. Кавказдағы тұрақты бейбітшілік аймақтың дамуына кең мүмкіндік ашады”, — деді.
Азиз Насирзаде Иран Ислам Республикасының Әзірбайжан мен Армения арасындағы бейбіт келіссөздер үдерісін қолдайтынын білдіріп, бейбіт келісімге қол қою үдерісін жеделдетуге көмектесуге дайын екенін айтты.
Иранның Қорғаныс министрі Ислам революциясы жетекшісінің Армения Премьер-министрімен кездесуіндегі мәлімдемесіне сілтеме жасап, Иранның Армениямен қарым-қатынасты дамытуға ерекше мән беретінін, ынтымақтастықтың өзара мүдделер негізінде және сыртқы күштердің қысымына қарамастан жалғасатынын қуаттады.
Насирзаде аумақтық тұтастық пен шекаралардың тұрақтылығын қорғау Иран сыртқы саясатының тұрақты қағидасы екенін атап: “Иран мен Арменияның екі арадағы ортақ шекарасы екі халық арасындағы тарихи байланыс жолы болып табылады. Тегеран бұл шекараға қол сұғуға жол бермейді”, — деді.


















