Иран мен ЕАЭО-на мүше елдер арасындағы тауар айналымының көлемі 2,7 млрд долларға жетті.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран мен Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдер арасындағы тауар айналымының көлемі 2024 жылдың наурыз айының 21нен желтоқсанның соңына дейін 2,704 млрд долларды құрады.
Иран кеденінің басшысы Фаруд Асғари ИРНА агенттігіне берген сұхбатында елінің ЕАЭО-на мүше мемлекеттермен сыртқы экономикалық қызметі туралы егжей-тегжейлі есеп ұсынды. Ол Иранның бұл елдерге экспорты шамамен 1 миллиард 494 миллион 839 мың долларды құрағанын, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,79 пайызға өскенін айтты.
Асғаридің айтуынша, осы кезеңде экспортталған тауарлардың салмағы 3 миллиард 857 миллион килограммды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 21,69 пайызға өскенін көрсетеді.
Кеден басшысының сөзінше, Иран экспортының ең көп үлесі Ресей Федерациясы мен Армения және Қазақстанға тиесілі.
2024 жылдың желтоқсан айының 26 күні Иранға Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы мемлекет мәртебесі берілді. Мұндай шешім Ленинград облысында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қабылданды.


















