Иран сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Еуропалық Одақтың үш елінің өкілдерімен ертең, 16 мамырда Ыстамбұлда кездеседі.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақайи сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары мен “Ортақ қадам” жан-жақты бағдарламасына қатысушы үш еуропалық елдің өкілдері 16 мамыр, жұма күні кездесетінін хабарлады.
Исмаил Бақайи бұл туралы Тегерандағы 36-шы Халықаралық кітап көрмесі аясында ИРНА агенттігінің тілшісімен сұхбатында айтты.
Бақайи: “Кездесу 16 мамыр, жұма күні Түркияның Ыстамбұл қаласында өтеді.
Кездесудің күн тәртібінде Иранның Еуропалық Одақтың үш елі Германия, Ұлыбритания және Франциямен кеңесулерді және Америкамен жанама келіссөздерді жалғастыру мәселелері қарастырылады”,-деді.
Мұның алдында Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи тілшілерге берген сұхбатында Иран сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Еуропалық Одақтың үш елінің өкілдерімен 16 мамырда Ыстамбұлда кездесетінін айтып: “Біз АҚШ-пен жанама келіссөздерді жалғастырамыз. Біз Еуропамен де диалогқа дайынбыз”, — деді.


















