Иран мен Өзбекстан компанияларының саны бес жылда 2,5 есеге артты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран мен Өзбекстан арасындағы өзара экономикалық ынтымақтастық айтарлықтай жанданып келеді.
Бүгінде екі ел арасындағы бірлескен кәсіпорындардың саны 2,5 есе артып, 261-ге жетті.
Қазіргі таңда мұндай кәсіпорындар құрылыс, мұнай-химия, азық-түлік өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және құрылыс материалдарын өндіру секілді әртүрлі бағытта жұмыс істейді.
Иранның Өнеркәсіп, тау-кен өнеркәсібі және сауда министрі Мохаммад Атабак екі ел арасындағы қазіргі сауда көлемі екі жақтың бар әлеуетін толық көрсетпейтінін атап айтты.
Ол сауда айналымын 2 миллиард долларға жеткізу үшін толыққанды жол картасын әзірлеуді ұсынды.
Министрдің айтуынша, алдағы ынтымақтастықтың негізгі бағыты Өзбекстанның Иран аумағы арқылы халықаралық теңіз жолдарына шығуын қамтамасыз ететін көлік және транзиттік маршруттарды дамыту болуы тиіс.


















