Иран мен Өзбекстан әртүрлі саладағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды екіжақты төрт құжатқа қол қойды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, құжаттарға қол қою рәсімі Тегеранда Иран Президентінің бірінші орынбасары Мохаммад Реза Ареф пен Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Ариповтың қатысуымен өтті.
Қол қойылған құжаттардың арасында Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрлігі мен Өзбекстанның Инвестиция, өнеркәсіп және сауда министрлігі арасындағы преференциялық сауда келісімінің ережелерін жүзеге асыруға арналған үкіметаралық протоколы бар.
Сондай-ақ, тараптар Иранның Өсімдіктерді қорғау ұйымы мен Өзбекстанның Карантин және өсімдіктерді қорғау агенттігі арасында карантин және өсімдіктерді қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға, Иранның Ұлттық стандарттар ұйымы мен Өзбекстанның Техникалық реттеу агенттігі арасында халал өнімдерін стандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Шараның шарықтау шегі сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша нақты қадамдарға бағытталған 2025–2027 жылға арналған мемлекетаралық ынтымақтастықтың Жол картасына қол қою болды.
Иран, Өзбекстан, Меморандум, Ынтымақтастық, Өнім


















