Иран мен Оман аймақтық дағдарыстар кезінде бір-бірін қолдады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Президенті Масуд Пезешкиан кеше, дүйсенбі, 27 қазан күні Оманның Ішкі істер министрі Хамуд бин Файсал бин Саид әл-Бусаидимен кездесуінде мәлімдеді.
Масуд Пезешкиан Иран мен Оман арасындағы ежелгі әрі достық қарым-қатынасқа тоқталып, екі ел мен халықтың өзара әрекеттестігі әрқашан бауырластық, өзара құрмет пен ізгі ниет негізінде құрылғанын, аймақтық дағдарыстар кезінде олар бір-бірін үнемі қолдағанын баса айтты.
Президент: “Иран Ислам Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы қарым-қатынас әрдайым бауырластыққа, құрметке және шынайылыққа негізделген. Екі мемлекет күрделі аймақтық жағдайлар кезінде де одақтас әрі достық қарым-қатынаста болды”, — деді.
Сонымен қатар Пезешкиан Оманның аймақ мәселелеріндегі сындарлы рөлі мен Тегеран мен Вашингтон арасындағы арағайын және келіссөздер ұйымдастырудағы күш-жігерін жоғары бағалап: “Бұл омандық басшылықтың даналығы мен бейбітшілікке деген бейімділігін айқын көрсетеді”,-деді.
Масуд Пезешкиан Палестина халқына қолдау көрсетіп, Израиль режимінің қылмыстарын айыптаудағы ұстанымын ерекше атап: “Исламдық және адамгершілік құндылықтарға негізделген мұндай ұстаным зор құрметке лайық. Егер барлық мұсылман елдері осындай ортақ ұстанымды ұстанғанда, біз Газа аймағындағы қасіретті оқиғаларға куә болмас едік”, — деп баса айтты.
Оман Ішкі істер министрі Хамуд бин Файсал бин Саид әл-Бусаиди екі ел арасындағы қарым-қатынасты ерекше, тарихи және шынайы деп сипаттап: “Біздің байланысымызда еш күмән жоқ. Сіздің бес ай бұрын Маскатқа жасаған сапарыңыз және қол жеткізілген келісімдер Иран мен Оман арасындағы ынтымақтастықтың айқын әрі оң бағытының дәлелі”, — деді.


















