Иран мен Қатар Сирияның болашағын талқылап, оның келешегін анықтауға сириялық барлық топтың қатысуы керектігін қуаттады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің Сирия істері бойынша арнайы өкілі Мохаммад Реза Рауф Шейбани Қатардың жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесіп, Сириядағы жағдайды талқылады.
Тараптар кездесуде Сирияның аумақтық тұтастығын сақтау және оның мемлекеттік басқару жүйесін анықтауға барлық топтың қатысуының маңыздылығын баса айтты.
Сириядағы жағдайды реттеу бойынша аймақтық кеңесулерді жалғастыру мақсатында Дохаға сапармен келген Мохаммад Реза Рауф Шейбани сәрсенбі күні таңертең Қатар Сыртқы істер министрі Мұхаммед әл-Хулайфимен кездесті.
Шейбани кездесу барысында Иранның Сирияға қатысты принципті ұстанымына тоқталып, Сирияның аумақтық тұтастығын, ұлттық егемендігі мен тұрақтылығын сақтау, сондай-ақ, этникалық және діни барлық топтың құқықтарын құрметтей отырып, Сирия қоғамының барлық тобының елінің мемлекеттік құрылымын анықтауға жан-жақты қатысуы аймақтық барлық мемлекеттің назарында болуы керектігін айтты.
Әл-Хулайфи Сирияның әртүрлі саладағы қазіргі жағдайының ерекшеліктеріне егжей-тегжейлі тоқталып, Иранның аймақтағы маңызды әрі ықпалды рөлін жоғары бағалады. Сонымен қатар, Қатар Сыртқы істер министрі аймақтағы оқиғалардың маңыздылығын атап, екі ел арасындағы кеңесулер мен үйлестіруді жалғастыру қажеттігін қуаттады.


















