Иранның бірінші вице-президенті мен Қытай премьер-министрінің орынбасары Азияның маңызды екі елі арасындағы қарым-қатынастың кеңеюі аймақтық бейбітшілік пен қауіпсіздікке әсер ететінін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, келіссөз барысында тараптар Қытай мен Иран арасында ынтымақтастық салаларын кеңейтіп, экономикалық байланысты дамыту қажеттігін қуаттады.
Иранның бірінші вице-президенті мен Қытай премьер-министрінің орынбасары Иран мен Қытайдың жан-жақты стратегиялық жоспарының бөлімдерін жүзеге асыру аясында өткен кездесуде ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығына тоқталды.
Сейсенбі күні Тегерандағы Саадабад кешенінде өткен кездесуде Иран мен Қытайдың дипломатиялық делегациялары экономикалық және өзара мүдделі салалардағы ынтымақтастықты арттыру жолдарын талқылап, пікір алмасты.
Кездесуде Иранның бірінші вице-президенті Мохаммад Реза Ареф пен ҚХР премьер-министрінің орынбасары Чжан Гоцин Азияның екі маңызды елінің қарым-қатынасының артуы аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке әсер ететінін айтып, ынтымақтастық салаларын кеңейту қажеттігін қуаттады.


















