Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Ресей мен Иран арасында туристік ағынның ұлғаюымен Иранға әуе қатынасы артатынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова әуе қатынасы тек Мәскеу қаласымен шектелмейтінін баса айтты.
Мария Захарова баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде жазғы туристік маусымда Тегераннан Санкт-Петербургке тікелей рейстер орындалғанын, Грозный қаласына рейстер жалғасып жатқанын айтты.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінің айтуынша, екі ел арасында өзара туристік ағынның артуымен рейстер желісі ұлғаяды.
Захарова бұл мәлімдемені тілшінің “Иранмен әуе қатынасын дамыту жоспарлары және Ресейдің Мәскеуден басқа өзге қалаларынан тікелей рейстерді күтуге бола ма?” деген сауалына байланысты жасады.


















