Иран мен Ресей Рашт-Астара теміржол жобасын жүзеге асыруды жеделдету шараларын талқылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Ресей Федерациясы Көлік министрінің орынбасары Дмитрий Зверевтің Иран Ислам Республикасының Ресейдегі Елшісі Казим Джалалимен кездесуі барысында талқыланды.
Кездесуде тараптар екі елдің Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізі саласындағы өзара іс-қимылдың ағымдағы жай-күйі мен Рашт-Астара теміржол жобасын жүзеге асыруды жеделдету шараларын қарастырды.
Екі тарап та екі елдің Көлік министрлері арасындағы соңғы келісімдерге қанағаттанушылық білдіріп, екіжақты ынтымақтастықты ілгерілетудің маңыздылығын қуаттады.
Сонымен қатар, кездесу барысында көлік саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары мен Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізін түрлі бағытта дамыту мәселелері көтеріліп, талқыланды.
















