Тегеранда Иран мен Ресей төлем жүйелерін интеграциялау жобасы бірінші кезеңінің ресми ашылу салтанаты өтті.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Тегеран қаласында Иран Орталық банкінің басшысы Мохаммад Реза Фарзин мен Ислам Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Казем Джалалидің қатысуымен Иран мен Ресей арасында екі ел төлем жүйелерін интеграциялау жобасы бірінші кезеңінің ресми ашылу салтанаты өтті.
Жобаның бірінші кезеңі аясында Иран азаматтары үшін Ресейде ирандық карталардан рубльмен қолма-қол ақша алу мүмкіндігі қолжетімді болды.
Иран Орталық банкі басшысы Мохаммад Реза Фарзиннің айтуынша, бұл жоба жалпы үш кезеңге бөлінген: «Енді, екінші кезеңнің аяқталуымен ресейлік туристер Ирандағы банкоматтардан «Мир» төлем жүйесінің картасы арқылы қолма-қол ақша ала алады»,- деді.


















