Иран мен Түркия Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасып, Газадағы соғыстың тоқтатылу қажеттігін қуаттады.
Dolat.ir агенттігінің мәліметінше, ИИР мен Түркия Сыртқы істер министрлері Хосейн Амир Абдуллаһиан мен Хакан Фидан екіжақты және аймақтық қарым-қатынастың күн тәртібіндегі кейбір мәселелерді, әсіресе, Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Израильдің Палестина халқына қарсы қылмыстарын жалғастыруын талқылады.
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Израильге толыққанды қолдау көрсетуін сионистердің Газа және Палестинаның Батыс жағалауы тұрғындарына қарсы қылмыстарының жалғасуының себебі санап, осы қылмыстарды тоқтату үшін барынша күш салу қажеттігін айтты.
Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан таяу болашақта Иран мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі 8-ші кездесудің өткізілуіне де тоқталды.
Фидан Газаға қарсы соғыста атысты тоқтату үшін Иранның дипломатиялық талпыныстарын жоғары бағалай отырып, Палестинаны ислам әлемінің өзекті мәселесі деп атады.

















