Беларусь астанасы Минск қаласында Иранның жаңа Сауда орталығы ашылды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Минск қаласындағы Сауда орталығы Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі Мохаммад Атабак пен Иранның Сауданы дамыту ұйымының (TPO) басшысы Мохаммад Әли Деһқани Деһнавидің қатысуымен ашылды.
Сонымен қатар, Беларусьте Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі және Сауданы дамыту ұйымының басшысының ирандық экономистермен кездесуі өтті.
Кездесуде Иран мен Беларусь арасындағы сауда процедураларын жеңілдету бойынша ұсыныстар айтылды.
Беларусь пен Иран арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылы 18 наурызда орнады. Тегерандағы Беларусь елшілігі 1998 жылдың наурыз айында ашылды. Иранның дипломатиялық өкілдігі Минскіде 2001 жылдың ақпан айынан бері жұмыс істейді.


















