Иранның Мұнай министрі Мохсен Пакнежад Иран мұнайын сату жағдайын snapback механизмі қайтарылғанға дейінгі жағдай сынды деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Пакнежад Иран мұнайы экспортының жалғасып жатқанын қуаттап: «Иран мұнайын сату snapback механизмінен бұрынғы кезеңдегідей жалғасуда. Сату көлеміндегі кез келген ауытқу нарық динамикасы мен халықаралық нарықтағы баға индексінің өзгерісі мен оқиғалардың нәтижесі.
Сондықтан біздің сауда көрсеткіштеріміз төмендеуі немесе артуы мүмкін. Бұл нарық динамикасымен байланысты. Бұл біздің мұнай сата амайтындығымызды білдірмейді», — деді.
Иранның мұнай экспорты жалғасуда. Иран санкцияларды айналып өту жолдарын белсенді түрде іздестіруде. Бұған 2025 жылы мұнай экспортының ең жоғары көрсеткіштері дәлел бола алады. Қытай Иран мұнайының негізгі сатып алушысы болып қала береді.

















