Иран “Ормуз бұғазын ақылды бақылау” атты әскери-теңіз жаттығулары басталғанын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, “Ормуз бұғазын ақылды бақылау” атты аралас, ауқымды және мақсатты әскери жаттығу Ислам революциясы Сақшылар корпусының Әскери-теңіз күштері жетекшілігімен және Ислам революциясы Сақшылар корпусының Бас қолбасшысы генерал Мохаммад Пакпурдың тікелей қадағалауы, бақылауымен және далалық мониторинг аясында өтіп жатыр.
Аталмыш жаттығудың негізгі мақсаттары — Ислам революциясы Сақшылар корпусы Әскери-теңіз күштерінің жедел бөлімдерінің дайындық деңгейін тексеру, Ормуз бұғазы аймағындағы ықтимал қауіпсіздік және әскери қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету жоспарлары мен сценарийлерін пысықтау, сондай-ақ Парсы шығанағы мен Оман теңізіндегі Иран Ислам Республикасының геосаяси артықшылықтарын тиімді пайдалану.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының Әскери-теңіз күштері жедел бөлімдерінің теңіз кеңістігіндегі қауіпсіздікке қарсы әрекеттер мен қастандықтарға жауап ретіндегі жедел, батыл және жан-жақты әрекет етуі осы жаттығуға жұмылдырылған бөлімшелердің барлау және операциялық дайындықтарының басты өзегі болып табылады.


















