Иран Парламенті Иран мен ЕАЭО арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялады.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран Парламентінің депутаттары пленарлық отырыста Экономикалық комиссияның Иран Ислам Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы еркін сауда аймағын құру туралы келісімнің заң жобасы бойынша есебін талқылап, құжатты ратификациялады.
Бір жағынан Иран Ислам Республикасы, екінші жағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімге кіріспе, 147 бап және 6 қосымша кіреді.


















