Иран Парламенті Ормуз бұғазын жабу қажет деп санайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы парламенттің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының мүшесі Исмаил Кевсери X әлеуметтік желісіндегі жазбасында мәлімдеді.
Кевсеридің айтуынша, Иран Парламенті Ормуз бұғазын жабуды қолдайды. Ол бұл туралы түпкілікті шешімді Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі қабылдайтынын айтты.
Бұл мәлімдеме 22 маусым күні АҚШ Исфаһан, Натанз және Фордо қалаларындағы Иранның үш ірі ядролық нысанына ауқымды соққы жасағаннан кейін айтылды.
Вашингтон бұл операцияның Тегеранның ядролық бағдарламасын жоюға немесе едәуір әлсіретуге бағытталғанын айтты.
Иран бұл соққыға қатаң жауап қайтаратынын ескертті.
Ормуз бұғазы арқылы Ираннан басқа Сауд Арабиясы, Ирак, БАӘ, Кувейт және Катар мұнай экспорттайды. Бұл әлемдегі теңіз арқылы тасымалданатын мұнай саудасының 20 пайызын құрайды.


















