Қарашаның 7 күні Иран Ислам Республикасының президенті Сейед Ибраһим Раиси ресми сапармен Тәжікстанға келеді.
Бұл туралы Иранның Сауда-өнеркәсіп палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
7-12 қарашадағы сапар барысында Ибраһим Раиси Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен, сондай-ақ осы елдің басқа да жоғары лауазымды тұлғалармен кездеседі.
Онымен бірге Душанбеге Иранның сауда, өнеркәсіп, тау-кен және ауыл шаруашылығы палаталарының өкілдері келеді. Олар 8-9 қарашада өтетін Тәжікстан мен Иран кәсіпкерлерінің форумына қатысады.
Сонымен қатар жаңа әуе бағыттарын ашу, атап айтқанда, екі бағыттағы рейстер санын арттыру мүмкіндіктерін талқылау жоспарлануда.
Бұл Сейед Ибраһим Раисидің Ислам Республикасының президенті болып сайланғаннан кейін Тәжікстанға жасайтын екінші сапары.


















