Иран Президенті Ибраһим Раиси Индонезия Президентінің ресми шақыруымен екі елдің саяси-экономикалық және мәдени қарым-қатынасын одан ары кеңейту мақсатында кеше, дүйсенбі күні Джакартаға ресми сапармен барды.
Иран Президентінің Индонезияға ресми сапары барысында Индонезия Президенті Джоко Видодомен екіжақты кездесуі және түрлі салаларда әріптестік туралы құжаттарға қол қоюы жоспарланған.
Раиси сондай-ақ осы сапарда Индонезия Президентімен кездесуімен қоса, осы ел Парламентінің Өкілдер палатасы және Консультациялық палатасының төрағаларымен кездесіп, келіссөздер жүргізеді деп күтілуде.
Сонымен қатар Иран мен Индонезияның экономикалық белсенділері және кәсіпкерлерімен отырыс өткізу, индонезиялық ойшылдармен сұхбаттасу және Индонезияда тұратын ирандықтармен кездесу Иран Президентінің екікүндік сапарында жоспарланған бағдарламалар болып табылады.


















