Иран Президенті Масуд Пезешкиан БРИКС саммитіне қатысу үшін Татарстан астанасы Қазан қаласына келді.
Еуразия Тудейдің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Масуд Пезешкианды халықаралық әуежайда Татарстан Премьер-министрі Алексей Песошин қарсы алды.
Қазан сапарында Пезешкианның қасында осы елдің Экономика және қаржы министрі Абдул Насер Хеммати, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Ресей-Иран Үкіметаралық комиссиясының төрағасы, Мұнай министрі Мохсен Пакнежад, Президент кеңсесінің басшысы Моһсен Хаджи Мирзаи және Президент кеңсесінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Меһди Санаи жүр.
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Бахрейн мен Кувейтке ресми сапары аяқталғаннан кейін Қазан қаласына келеді.
БРИКС саммиті 22-24 қазан аралығында Татарстан астанасы Қазан қаласында өтіп жатыр. Иран 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап БРИКС тобының толыққанды мүшесі атанды.

















