Иран Президенті Масуд Пезешкиан алжирлік әріптесі Әбделмәжид Теббунға құттықтау жеделхатын жолдады.
Еуразия Тудейдің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, кеше, жұма күні Масуд Пезешкиан Алжир Президенті Әбделмәжид Теббунға 1954 жылы 1 қарашада басталған оккупацияға қарсы соғыстағы жеңістерінің мерейтойына орай құттықтау жеделхатын жолдады.
Президент Пезешкиан жолдауында Алжир халқын осы оқиғадағы жеңістің 70 жылдығымен құттықтады.
Масуд Пезешкиан Иран мен Алжир қарым-қатынасының орнағанына 60 жыл болғанына тоқталып, Иран Ислам Республикасының Африка елімен барлық салада байланысты нығайтуға дайын екенін растады.
Алжирдегі революция 1954-1962 жылдар аралығында болды. Бұл — Францияның Алжирді 150 жыл бойы отарлап алуын тоқтату үшін осы еуропалық елдің басқыншылығына қарсы жасалған көтеріліс.
Айта кетейік, Алжир Халық Демократиялық Республикасы кеше, қарашаның 1 күні азаттық революциясының 70 жылдығын атап өтті.
1954 жылдың жеңісті сол күні қазіргі тәуелсіз Алжир мемлекетінің қалыптасуына себеп болды.


















