Иран Президенті Масуд Пезешкиан “Ұлттық бірлік” бағдарламасы аясында провинцияларға жасаған сапарында Бушер атом электр станциясында барды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, станцияға сапарында Президент Пезешкиан атом электр станциясының аумағында жерленген белгісіз жауынгерлердің рухына тағзым етті.
Сапар барысында Иранның Атом энергиясы ұйымының басшысы Мохаммад Ислами Президент Пезешкианға электр станциясының бірінші блогының жұмысы туралы есеп, сондай-ақ, Бушер атом электр станциясының екінші және үшінші блоктары құрылысының барысы туралы ақпарат берді.
Бушер атом электр станциясына сапары кезінде Иран Президентінің қасында ел Үкіметінің бірқатар басшылары мен мүшелері бірге жүрді.
Иранның Бушер атом электр станциясы 2011 жылдың қыркүйек айында іске қосылды.
1976 жылы неміс компаниялары бастаған бұл электр станциясының құрылысы Ислам революциясына байланысты үзілген болатын. Ресеймен 1995 жылы жаңа келісім жасалып, нәтижесінде алғашқы 60 МВт нысандар 2011 жылы пайдалануға берілді. 2015 жылы нысандардың қуаты 3 мың мегаваттқа дейін ұлғайтылды.
Қазіргі таңда Бушер провинциясында әрқайсысының қуаты 1080 МВт болатын екі атом электр станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр.


















