Иран Президенті Масуд Пезешкиан сейсенбі, 23 қыркүйек күні Нью-Йоркке барады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран президентінің саяси кеңесшісі Меһди Санаи әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.
Санаи: “Президент Пезешкиан сейсенбі күні жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауынан кейін Нью-Йоркке аттанады. Президент сәрсенбі күні таңертең Біріккен Ұлттар Ұйымында сөз сөйлейді.
Пезешкиан сессия аясында бірқатар мемлекет басшыларымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысымен кездесіп, келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ, Президент сараптама орталықтары, бірлестік өкілдерімен және Америкадағы Иран диаспорасымен кездеседі”, — деді.
Былтыр 10 қыркүйек күні Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы ашылды.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 79 сессиясы әлемдегі жағдайға байланысты ерекше маңызға ие болды. Әлемдік көшбасшылардың бұл сессияға қатысуы мәселелерді шешу және өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа қол жеткізудің жаңа жолын табу үшін әлемге диалог жүргізуге, Иран үшін өз құқықтарын қорғауға және өзіне жасалған әділетсіздік туралы айтуға мүмкіндік береді.
БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударады.
Иран делегациясы Бас Ассамблея аясында өткізілетін арнайы отырыстарға қатысу арқылы елінің түрлі саладағы, әсіресе лаңкестікке қарсы күрес, халықаралық және аймақтық бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелеріндегі ұстанымын көрсетеді. Бас Ассамблея — Иранның әлемдік бейбітшілікке қатер төндіруші емес, халықаралық жүйедегі жауапты ойыншы ретінде өзін көрсетуге мүмкіндік.


















