Иран Президенті Ибраһим Раиси Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон мен осы елдің халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Сейіт Ибраһим Раиси Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға жолдауында Тәуелсіздік күнімен құттықтап: екі ел арасындағы мәдени, тарихи, тілдік ортақтастықтар мен ортақ мүдделер және екі елдің жоғары деңгейдегі делегацияларының бір-біріне өзара қатынауы екіжақты байланыстарды кеңейтіп, жалғастыруда айтарлықтай рөл атқарғанына тоқталып: «Ортақ талпыныстардың арқасында біз барлық саладағы қарым-қатынастың екі халықтың өзара мүддесіне сай күннен күнге артуына, аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің дамуына куә боламыз деп үміттенемін», — деді.
9 қыркүйек – Тәжікстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Бұл Тәжікстан Республикасының басты ұлттық мерекесі.

















