Бүгін, маусымның 3 күні Иран президенттігінің 14-ші кезеңіне арналған сайлауға қатысуға ынталы үміткерлерді тіркеу үдерісі аяқталады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша мамырдың 30 күні басталған тіркеудің 5-ші күні бүгін соңғы күн саналады. Осы мәлімет бойынша Иран ІІМ сайлау штабында бүгін 30 үміткер тіркелді. Кешеге дейін де 37 үміткер тіркелген болатын.
Тіркелуге берілген бес күндік мүмкіндік аяқталғаннан кейін Сақшылар кеңесі маусымның төртінен бастап жеті күн бойы үміткерлердің біліктіліктерін тексереді. Содан кейін аталған кеңес Ішкі істер министрлігіне білікті үміткерлердің есімдерін жариялайды.
Айта кетейік, Иран президенті Ибраһим Раиси тікұшақ апатында опат болғаннан кейін Иран президенттігінің он төртінші кезеңіне сайлау межелі уақытынан бір жыл ерте өткізілгелі отыр. Ирандағы кезектен тыс президент сайлауы маусымның 28-не белгіленген.
Аталған президенттік сайлауға қатысты қызық деректерге сәйкес биылғы сайлауға үміткер ретінде көптеген Мәжіліс депутаттарының қатысуға ынта танытуында. Солардың арасында Теһран қаласының бұрынғы әкімі, бүгінде Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Мохаммед Бағер Қалибаф та бар. Сонымен қатар осы уақытқа дейін үш әйел үміткер ретінде тіркелді.



















