Иран қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмек өндірісінде өз-өзін қамтамасыз ететін деңгейге жетті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Тегеран медицина ғылымдары университетінің фармацевтика факульетінің деканы Мохсен Амини мәлімдеді.
Мохсен Амини университет білімінің фармацевтика ғылымын дамытудағы рөлін баса айтып, бүгінде Иранда обыр дертіне қарсы дәрілер шикізатының үлкен бөлігін жас мамандар мен іргелі ғылымдарға негізделген компаниялардың өздері өндіретінін айтты.
Мохсен Амини фармацевтикадағы жетістіктікті топтық деп атап: «Ең маңызды жетістіктердің бірі — жаңа және заманауи дәрі-дәрмек өндіру. Әлемдегі фармацевтикалық ірі компаниялар бұл дәрі-дәрмектерді дамытқан соң сол дәрі-дәрмектер қысқа мерзімде елде өндіріледі.
Бұл жетістіктерге студенттер мен түлектердің елдегі университеттерде алған білімдерін фармацевтика өндірісінде іске жаратқанның арқасында қол жеткізілді.
Кері жағдайда дәрілердің бағасы анағұрлым айырмашылыққа ие болады. Бүгінде елде өндірілетін дәрілердің шетелдік үлгілерімен салыстырғанда баға тұрғысынан айтарлықтай айырмашылығы бар. Шетелдерде тұратын ирандықтар елге туыстарына қонаққа келгенде өздерімен бірге үлкен көлемде дәрі-дәрмек алып қайтады”, — деді.
Амини елдің ішінде өндірілген дәрілерді университеттерде студенттерге берілген білімнің тікелей нәтижесі деп атады.
Ол іргелі ғылымға негізделген компаниялар туралы: “Көптеген студенттер университетті аяқтаған соң осы компанияларға кіріп, университеттердің даму орталықтарына орналасады. Жаңашыл бастамаларды зертханалық деңгейден өнеркәсіптік деңгейге көтеріп, кейін қайтадан нарыққа ұсынады.
Қатерлі ісікке қарсы көптеген дәрі-дәрмектің шикізаты отандық өндірісте синтезделеді. Фармацетика өндірісінің негізгі екі саласы бар: ампула, сироп, немесе мұрынға себетін спрей сияқты дайын өнімдердің өндірісі және дәрілер шикізатының синтезі.
Шамамен төрт жүз дәрі мен олардың шикізаты елдің ішінде өндіріледі. Олардың үлкен бөлігі обырға қарсы қымбат дәрілер. Кейбіреуі химиялық синтездеу әдісімен, басқалары биотехнологиямен, аз бөлігі нанотехнологиялық әдіспен өндіріледі.
Бұл жетістіктер іргелі ғылымға негізделген компанияларда жас фармацевт мамандардың күшімен жүзеге асырылды. Өз білімдерін жетілдірген мамандар өндірісті өнеркәсіптік деңгейге жеткізді”, — деді.

















