Тегеран Ресей Президенті Владимир Путиннің сапарына дайындалып жатыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы РИА Новостиге Иран Үкіметінің баспасөз хатшысы Фатеме Моһаджерани мәлімдеді.
Фатеме Моһаджерани: “Владимир Путиннің Тегеранға сапары қазіргі уақытта пысықталып, дайындық жүріп жатыр”, — деді.
Мұның алдында Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Мәскеудегі келіссөздерден кейін Владимир Путиннің 2025 жылы ресми сапармен Иранға келетініне үміттенетінін айтты.
Айта кетейік, Иран СІМ басшысы Аббас Арақчи 17 сәуір күні ресми сапармен Мәскеуге барып, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті. Сонымен қатар, Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізіп, Иранның рухани жетекшісі Әли Хаменеидің жазбаша жолдауын тапсырды.


















